Жасанды интеллект күнделікті өмірге біртіндеп еніп жатыр

Келешекте адамдардың өмірінде елеулі өзгерістер болуы ғажап емес.

Технология қарыштап дамыған заманда жасанды интелектіні қолдану да жиілеп барады. Ресейдегі оқиға соның бір куәсі. Жоғарғы оқу орынының студенті жасанды интелектінің көмегімен жазған дипломдық жұмысты сәтті қорғап шықты. Таңқаларлығы сол Чат-Джи-пи-ти деп аталатын жүйе көлемді ғылыми жұмысты айналдырған бір тәуліктің ішінде жазып шыққан. Ал универистет мұғалімдері бұл туралы шәкірт эмтиханды тапсырып біткеннен кейін ғана білген.

Колумбияда сот жасанды интеллектке жүгінді

Ал Колумбияда жергілікті соттың бірі үкім шығару үшін жасанды ақылдың көмегіне жүгінді. Нейро жүйе істің медециналық сақтандыруға қатысты екенін бірден анықтаған. Дегенмен сот өкілі құлтемірге тек уақытты үнемдеу үшін ғана жүгінгенін айтады. Қалай десе де бұл сот тәжірибесінде нейрожүйені алғаш рет ресми пайдалану деп тіркелді.

АҚШ-та "Google" сынағынан сәтті өтті 

Жасанды интелект адам сияқты әңгімелесе алады -дегенге сенесіз бе? АҚШ-та жасанды интелелкт "Гугл" компаниясының арнайы сынағынан өтті. Шара барысында жасанды ақылға негізделген бірнеше чат-бот тексерілген болатын. Тест барысында олардың бірі бағдарламашы болып жұмыс істеуге қабілетті екенін байқатады. Алайда нейрожелінің өзі адамды алмастыра алмайтынын ашық айтып, ағынан жарылған. Жасанды интелелкт техникалық тұрғыдан озық болсам да, адамның көмегінсіз жұмыс істеуім қиынға соғады деп жауап берген.

Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Сандуғаш Байқуаныш