Түркияда 205 сағаттан кейін бір әйел аман шықты
Түркияда үйінді астынан адамдарды құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Елдің Кахраманмараш қаласында 205 сағаттан кейін бір әйел құтқарылды. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлайды.
35 жастағы Айшегүл Байыр Оникшұбат ауданындағы қиранды астынан табылды. Құтқарушылар оны шығару үшін 5 метрлік туннель қазған. Зардап шеккен әйелге сол жерде шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген. Жергілікті құтқарушылар үйінді астында аман жатқандар әлі көп болуы мүмкін деп отыр.