ЮНИСЕФ ұйымы зілзаладан зардап шеккен балаларға қолдау көрсетуде

ЮНИСЕФ ұйымы жойқын зілзаладан зардап шеккен балаларға қолдау көрсетіп жатыр.

Жақындарынан айырылған балалардың көбісінде мазасы кеткен, тіпті қираған үйлеріне жақындағысы да келмейді. Оларды уақытша баспаналарға орналастырып, күн сайын жеткіншектермен  ЮНИСЕФ ұйымының еріктілері жұмыс істейді. 12 жылдық азамат соғысының ауыр зардабын тартқан Сирияда зілзаладан опат болғандардың саны 5700-ден асты.

Диана Фаттал, ЮНИСЕФ қызметкері:

- Сириялық балаларға бұл жағдай ,,жығылғанға жұдырық,, болды. Қыстағы суықта  үйренген жерінен амалсыз көшкен жасөспірімдер күн сайын күйзеліске ұшырайды. Баспанаға айналған мектепте қазір үйсіз қалған отбасылар тұрып жатыр. ЮНИСЕФ еріктілері серіктестерінің қолдауымен осындай 200 баспанада зардап шеккен балаларға психологиялық көмек көрсетіп жатыр.