Еуроодақта отынмен жүретін көліктерге тыйым салынады
Еуропарламент жеңіл көлік өндірісі жөнінде шешім қабылдады.
2035-жылы одақ аумағында бензин және дизель отынымен жүретін көліктерді сатуға тыйым салынады. Басты мақсат - осы мерзімде ауаға шығарылатын көмірқышқыл газының көлемін 100%-ке қысқарту. Осы заң жобасын 340 депутат қолдап дауыс берсе, екі жүз сексені қарсы шықты. Электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытатын болды. Яғни қуаттағыш станцияларының құрылысын арттырады. Қазіргі кезде Еуроодақ аумағында ауаға тарайтын көмір қышқыл газының 12 проценті автокөліктер үлесіне тиіп тұр.