Ford 3500 қызметкерін жұмыстан қысқартады
Америкалық Форд компаниясы Еуропада 3,5 мыңнан астам қызметкерін қысқартпақ.
Бұл өңірдегі жұмысшылардың шамамен 11 пайызы. Әсіресе, Германия мен Ұлыбританияда адамдар жұмыссыз қалайын деп тұр. Мұндай қысқарту компанияның электромобиль өндірісін дамытуымен байланысты. Сондай-ақ, болашақта жоспар бойынша тағы мыңға жуық маркетинг, сауда-саттық және әкімшілік бөлімдері жабылады деген жоспар бар.