Түркияда 9 тәуліктен кейін үйінді астынан кейуана құтқарылды
Түркиядан қуанышты хабар. Кахраманмарашта 226 сағат бойы үйінді астында жатқан кейуана құтқарылды. Оның жасы 74-те, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған дейін құтқарушылар тағы бірнеше адамды қиранды астынан аман алып шыққаны туралы хабарлаған едік. Олардың арасында балалар мен қарт кісі де бар. Өңірде түнде сынап бағанасы нөлден төмен болып тұр. Жер сілкінісінен кейін қазір 9 тәуліктен астам уақыт өтті. Дегенмен мамандар үміт үзбейді. Зілзала ошағы Кахраманмарашта 200-ден аса жер телімінде үйінділерді аршу жұмыстары жалғасып жатыр.