АҚШ-та әскери ұшақ құлады

АҚШ-тың Алабама штатында әскери ұшақ апатқа ұшырап, бортта болған барлық 6 адам қаза тапты. 

Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдерді хабарлап отыр. Оқыс оқиға Хантсвилл қаласының маңында болған. Әскери әуе техникасы Харвест ауданындағы тас жолға құлаған, ұшақ жанып кеткен. Өртсөндірушілер өртті сөндіргенімен, адамдарды аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір оқиға орны қоршауға алынып, жол тұтас жабылған.