Қытайда ауыр қылмыс азайды
Қытайда ауыр қылмыс азайып, 20 жылда ең төменгі шегіне жеткен.
Бұл туралы көрші елдің Бас прокуратурасы мәлімдеді. Қазір ауыр қылмыс, басқа қылмыстардың 4 пайызына жетпейді. Бұрын ұрлық-қарлық бірінші орында болса, қазір мас күйде көлік жүргізу алға шыққан. Бірақ кибер-шабуыл фактілері көбейген. Осы қылмыс бойынша былтыр 129 мың күдікті қамауға алынды. Ал 180 мыңнан астам тұрғын, қаржы жымқырғаны үшін ұсталған.