Түркия мен Сириядағы зілзала құрбандарының саны 44 мыңға жуықтады

Түркияның өзінде қаза тапқандар 38 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – жергілікті төтенше жағдай қызметінің соңғы деректері. Үйінді астынан 8 мыңға жуық адам құтқарылған. Сирияда көз жұмғандар саны 5 800-ден асып отыр. «Әл-джазира» телеарнасының хабаралуынша, жұмаға қараған түні Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында тағы жер сілкінді. Оның қуаты 5,1 баллға жеткен. Қазір Түркия мен Сирияда үйінді астынан адамдарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.