Грекиядан Болгарияға мұнай тасымалдайтын жаңа құбыр салынады

Бұл туралы Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис мәлімдеді.

Осы құбыр арқылы қара алтын Эгей теңізіндегі Александру-полис айлағынан Қара теңіздегі Бургас айлағына тасымалданады. Осылайша, Болгария өз еліндегі жалғыз мұнай өңдеу зауытын шикізатпен қамтамасыз етпек. Өткен жылдың соңында Еуроодақ ресейлік мұнайға эмбарго жариялаған болатын. Сондай-ақ Кириакос Мицотакис Болгарияға өз ел аумағындағы сұйытылған табиғи газ терминалын пайдалануды ұсынды. Грекия Балкан өңіріндегі газ тасымалдайтын негізгі бағдарға айналуды көздеп отыр. Осы мақсатпен инфрақұрылымды жетілдіруге 1 млрд доллар жұмсамақ. Нәтижесінде 2032 жылға қарай көрші елдерге экспортталатын газ көлемі 4 есе өседі.