Түркияда жеткіншек 11 тәуліктен кейін үйінді астынан аман шықты

Жойқын зілзаладан кейін Түркияның Антакья қаласында 11 тәулікке жуық үйінді астында жатқан 14 жастағы бала құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасөспірім түрлі дене жарақатын алған. Қазір ол ауруханаға жеткізілді. Бұдан бөлек, Кахраманмараш өңірінде қираған ғимарат астынан бір әйел аман шығарылды. 42 жастағы Неслихан Килич 10 бойы үйіндіге көміліп жатқан. Туыстары оның аман қалатына сенбеген. Келіншектің жолдасы мен 2 баласы әзірге табылған жоқ.

Айта кетейік, жақында осы құлаған ғимараттың астында 248 сағат жатқан 7 жастағы қыз құтқарылған болатын.