Италиядағы Этна жанартауын қар басып қалды
Салдарынан өңірдегі тау-шаңғы курортына жету мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кей аудандарға жауған қардың қалыңдығы 1 метрден асады. Қазір жолдарды ашу жұмысы жүріп жатыр. Демалыс күндеріне дейін курорттық аймақтарға апаратын бағыт ашылуы тиіс. Дегенмен мамандар бұрын соңды түспеген осыншама қар ерігенде аймақтағы өзен-көлдер арналарынан тасып, тасқын қаупі болады деп алаңдайды. Этна – Еуропадағы ең биік белсенді жанартау. Ол Сицилияның шығысында, Мессина мен Катания қалаларына жақын орналасқан.