Жаңа Зеландияда «Габриэль» дауылынан көз жұмғандардың саны 7 адамға жетті

Опат болғандар әлі де артуы мүмкін. Себебі жүздеген ауданмен байланыс жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір бірнеше қалада жарық сөніп, көпірлер шайылып, үйлерді су басып қалды. Билік зардап шеккендерді қауіпсіз жерлерге орналастырып жатыр. Қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанармай сияқты заттар шалғай аудандарға да жіберілді. «Габриэль» циклоны елде осы жексенбіде басталған. Дауыл тасқын мен лай көшкіне ұласып, мыңдаған тұрғын үйсіз қалды. Таяуда елде 6,1 баллдық жер сілкінісі де жығылғанға жұдырық болды. Төтенше жағдай министрлігі бұл ел тарихындағы ең жойқын дауылдардың бірі екенін мәлімдеді.