Португалия үкіметі азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін арнайы жоба әзірледі
Бұл туралы ел премьер-министрі мәлімдеді.
«Үйлерді көбейту» атты жаңа бағдарлама аясында тұрғын үйді сатып алу және жалға алу арзандайды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Банктен қарызға үй алу жолдары біршама жеңілдейді. Билік жұртты бос тұрған үйін мемлекетке жалға беріп, қосымша табыс табуға шақырып отыр.