Түркия есін жиып жатыр

Түркия енді ғана есін жинап жатыр. Билік алда не істеу керектігін жоспарлап, шығынды есептеді.

Жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттардың орнына 85 мыңға жуық нысан қайта салынады. Бұл туралы Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі мәлімдеді. Оның айтуынша, қазірге дейін 11 өңірде 684 мың ғимаратқа сараптама жұмыстары жүргізілген.

Мұрат Құрым, Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі:

- Қазіргі уақытта 7 мың 328 қызметкері бар 11 провинцияда залалды бағалау жұмыстары жалғасуда. 332 мың 947 дербес бөлім беру мекемесі мен 84 мың 726 ғимарат жарамсыз деп танылды. Ал Адана қаласында 148 ғимараттың жарамсыздығы белгілі болды. Оларды дереу бұзу көзделіп отыр.

Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмек жетті

Түркия, Газиантеп

Айта кетерлігі, бүгін елімізден жіберілген 55 тонналық гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп әуежайына қонды. Апаттан зардап шеккендерге арналған аса қажетті заттар тиелген әуе кемесін Қазақстанның Түркиядағы елшісі мен Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары қарсы алды. Жүктің бір бөлігі Адияман қаласына жөнелтілді. Гуманитарлық көмекті қабылдаған Түркияның Сыртқы істер министрі,,, Қазақстан Президенті мен қазақ халқына алғысын білдірді.