Австриялық ғалымдар иттер адамның ойын оқи алады деген қорытындыға келді

Иттер адамның ойын оқи алады. Зерттеу жүргізген австриялық ғалымдар осындай қорытындыға келді.

Сынаққа 100-ге жуық үй жануары қатысқан. Тәжірибе кезінде еріктілер төртаяқтыға тамақты көрсетіп, кейін ызаландыру үшін оны кері тартып алған. Иттер мұны түсініп, отыра берген. Екінші жағдайда волонтер үй жануарын тамақтандырамын деп, азығын әдейі құлатып алады. Бұған төртаяқтылар төзімділік танытып, тамаққа жармаспай, адамның ары қарай қалай әрекет ететінін күтсе керек. Ғалымдар «ит адамның не істейтінін алдын ала біліп отырады» деген қорытындыға келген.