Тесла АҚШ-та сатылған электромобилін кері қайтарады
Тесла АҚШ-та сатылған 362 мыңнан аса электромобилін кері қайтаруға тиіс. Өйткені бағдарламалық қамтамасыз ету нұсқасы жаңартуды қажет етіп отыр.
АҚШ-тың жол қозғалысы қауіпсіздігінің ұлттық басқармасы осындай талап қойды. Басқарма мамандарының пікірінше, бағдарлама жаңартылмаған жағдайда көлік жол апатына ұшырауы мүмкін. Тесла басшылығы мұнымен келіспейді. Бірақ қауіпсіздік мақсатында электрмобильдерді кері қайтаруды ұйғарған. Жүргізушілерге сәуірдің 15-не дейін хабарлама жіберіледі.
БЛИЦ
- Электрмобильдер кері қайтарылады деген жаңалықты алғаш естуім. Осы күнге дейін жолда ешқандай қиындық туындаған жоқ.
- Бұл жайында енді естіп отырмын. Ақау болса, өндіуші оларды жою керек. Бұл технолоияны жетілдіре түседі. Негізі өзіме Тесланың электрмобильдері ұнайды.