ЕО Ресейге қарсы санкциялардың 10-шы пакетін 24-і ақпанда енгізеді

ЕуроОдақ Ресейге қарсы санкциялардың 10-шы пакетін 24-і ақпанда енгізеді. Бұл туралы осы ұйым Дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді.

11 млрд еуро болатын жаңа шектеулер ауыр техника мен электронды бөлшектерді қамтиды. Сондай-ақ Ресейдің ақпарат құралдары, 4 банк пен жүзге жуық заңды және жеке тұлғасы «қара тізімге» ілігеді. «Кәрі құрлық» ұйымы Иранның ұйымдары мен 32 шенеунігіне де қарсы санкция қабылдайды. Арасында парсы елінің Әділет және білім министрлері бар.

Жозеп Боррель, ЕО дипломатиясының басшысы:

- Санкцияларды әне-міне мақұлдағалы тұрмыз. Бұл істі 24 ақпанға дейін аяғына жеткіземіз. Туындаған барлық кедергілерді еңсереміз. Барлық министрдің ортақ ұстанымы осындай.