Мысырда ежелгі музей жөндеуден өтті
Мысырда ең ежелгі музейдің бір бөлігі күрделі жөндеуден өтіп, қайта пайдалануға берілді.
Ғимараттың қабырғасы шынымен қоршалып, ішіне жарық қойылған. Мұнда көптеген көне жәдігер сақталған. Солардың біреуі – «Өлілер кітабындағы» 113 қарғыс жазылған папирус. Сондай-ақ бірнеше ғасыр бұрын салынған сарай кешені де жаңартылды.