Ғалымдар әлемдегі табиғи апатқа осал өңірлерді атады

Ғалымдар ауа райының өзгеруі және табиғи апаттарға осал әлемдегі өңірлерді атады.

Деректеріне сүйенсек, осындай 20 аймақтың 16-сы Қытай аумағында орналасқан. Ал бұл қатарда бірінші орында Цзянсу провинциясы тұр. Ол – экономикалық дамуы, ауылшаруашылық пен өнеркәсіптік тауар шығару бойынша Қытайдың жетекші өңірлерінің бірі. Олардан кейін  Шаньдун, Хэбэй және Хэнань аймақтары орналасқан. Ал табиғи апаттарға осал 50 өңірдің қатарында АҚШ-тың Флорида, Техас және Нью-Йорк штаттары және Үндістанның 9 штаты енген.