Перуде құс тұмауынан теңіз арыстандары қырылды

Перуде құс тұмауынан 716 теңіз арыстаны қырылды.

Бұл ауру Оңтүстік Америка аймағында өткен жылдан бері тарап жатыр. Ол Эквадор, Боливия, Чили, Парагвай, Аргентина және Уругвайда тіркелді. Ал әлемде құс етін, ең көп мөлшерде экспорттайтын Бразилияда бұл дерт анықталған жоқ. Перуде құс тұмауы былтыр қараша айында тіркелді. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, сол кезден бері 63 мың құс қырылған. Ал бұл дерт енді теңіз арыстандарына тарап жатыр.