Сауд Арабиясы мұнай экспортынан рекордты кіріске қол жеткізді
Сауд Арабиясында мұнай экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті.
Мұндай көрсеткіш елде соңғы 10 жылда болмаған. Былтыр мұнай және мұнай өнімдерінен түскен пайда 326 млрд долларды құрады. Мәселен, ел астанасы Эр-Риядтағы компаниялар желтоқсан айында 85 млрд доллар тапқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға артық. Былтыр елден шыққан мұнайдың бір баррельі 80 долларға жетіпті. Осылайша 2022 жылы Сауд Арабиясының Жалпы ішкі өнімі 8,7 процентке өсіп отыр.