Әлемде тағы бір адам АИЖВ дертінен айықты
Дің жасушаларын ауыстырып қондырған, тағы да бір адам ВИЧ және қатерлі ісік ауруынан айығып шықты.
Мұндай жақсы жаңалықты Рейтерс ақпарат агенттігі Францияның Пастер институтына сілтеме жасап хабарлады. Жалпы бұл емделуші осындай әдіспен ауруынан айыққан әлемдегі үшінші адам болып отыр. Дюссельдорф қаласында лейкемиядан емделіп жатқан науқасқа дің жасушалары ауыстырылып, қондырылған. Нәтижесінде ол екі бірдей ауыр дертті еңсерді.