Қытай мен Орталық Азия елдері арасында тауар тасымалы 50% артқан

Қытай мен Орталық Азия елдері арасында тауар тасымалы 50% артқан

Қаңтар айында Қытай мен Орталық Азия елдері арасында тауар тасымалы 50 пайызға артқан.

Бұған пандемия кезінде Цин-дао қаласында ашылған «демон-страция аймағының» пайдасы тиді. Себебі жүк тасымалдау мерзімі 10 күнге қысқарған. Қытай тарапы, «кемеге қарағанда, Орталық Азия бағыты бойынша жүкті көлікпен жеткізу тиімді», - деп отыр.

Циндао қаласы Шаньдун провинциясында орналасқан. 10 млн халқы бар. Сары теңіздің жағасында порты бар. Халықаралық тасымалға қолайлы. Мәселен, біздің елге жапон мен оңтүстік кореялық көліктер осы порт арқылы жеткізіледі. Орталық Азия елдерінен келген қонақтар үшін мұнда ұлттық павильондар арнайы жұмысын бастады.

Демонстрациялық аймақ инновациялық ынтымақтастыққа  басымдық берген. Бұл жерде ғылымның жетістіктері де жоқ емес. Оның базасында бизнес бастау ашылып, жыл сайын ШЫҰ инновациялар және кәсіпкерлік конкурсы өткізіледі.

Дуань Мэнъя, ШЫҰ Технологиялар орталығының департамент директоры:

- Ғылыми-техникалық тұрғыдан біз кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарына инновациялық мүмкіндіктерді арттыруға көмектесеміз.  Сауда және экономика саласында кәсіпорындарға жобалар мен инвестицияларды іздеуге, халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік жасаймыз. Ал мәдени тұрғыда біз фестивальдерді өткізу, көрмелер ұйымдастыру сияқты іс-шараларды енді қолға алдық.

Қорыта айтқанда Циондаодағы орталық елдер арасындағы алыс берісті арттырып қана қоймай біріккен инновациялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр. 

Авторлары: Сымбат Ғалымжанқызы, Ботагөз Сырғабаева