Қытайдың көмір кенішінде апат болды
Қытайдың Ішкі Моңғолия автономды ауданындағы көмір кенішінің бірінде апат болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 53 кенші опырылып құлаған шахтаның астында қалып қойған. 6 жұмысшы құтқарылды. Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған 500-ге жуық маман жұмылдырылған. Кеніште қалып қойған жұмысшылармен байланыс жоқ. Жергілікті билік апатқа қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болғанын айтады. Кенді игеруші компания бұған дейін де осындай әрекеттері үшін жауапқа тартылыпты.