Мадагаскарда дауылдан 4 адам ажал құшты

Мадагаскарда «Фредди» дауылы соғып, 4 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Желдің жылдамдығы сағатына 180 шақырымға жеткен. Көп жерде дауыл соңы тасқынға ұласты. 2 мыңнан астам үй қирап, 11 мың тұрғын қауіпсіз жаққа көшуге мәжбүр болған. Бұл елде өткен айда ғана «Ченесо» дауылынан 33 адам көз жұмған болатын. Мамандар «Фредди» үлкен құрлықтағы Мозамбикке, сосын әрі қарай Зимбабвеге өтуі мүмкін деп болжайды.