Сиэтлде касталық кемсітуге ресми түрде тыйым салынды
Осылайша, бұл шаһар АҚШ-тағы тиісті заң қабылданған алғашқы қалаға айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Соңғы жылдары Оңтүстік Азиядан шыққан америкалықтарға шабуыл жиіліп кеткен. Адамды шыққан тегіне қарап қорлауға Үндістанда заң жүзінде шектеу қойылған.
Йогеш Мане, жергілікті тұрғын:
- Соңғы 30-40 жылда біз батыс елдеріне басымызға түскен қорлықты айтумен келдік. Тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа құқық қорғаушы мекемелерге де бардық. Ақыры Сиэтлдің қалалық кеңесі біздің үнімізге құлақ түрді.