Пәкістан премьер-министрі ақша үнемдеуге үндеді

Пәкістанның премьер-министрі Шахбах Шариф министрлер мен кеңесшілерін ақша үнемдеуге үндеді.

Яғни, елдегі жоғары лауазымды шенеуніктер эконом-класпен ұшып, қымбат көліктерден бас тартуға тиіс. Осылайша, үкімет жылына 200 млрд рупия үнемдей алады. Бұл АҚШ валютасына шаққанда – 766 млн доллар. Ислам Республикасы қазір күрделі  қаржы дағдарысын бастан кешіріп жатыр.

Шахбаз Шариф, Пәкістанның премьер-министрі:

- Үкімет мүшелері Қаржы министрі әзірлеген және мен бекіткен үнемдеу шараларына келісті. Сондай-ақ министрлер мен кеңесшілер жоғары жалақы мен басқа да жеңілдіктерден бас тартып отыр. Осылайша, біз қаржы дағдарысын еңсеруіміз қажет.