Ұлыбританияда көкөніс сатылымына шектеу қойылды
Ұлыбританияда ірі бөлшек сауда желілері кейбір көкөніс түрлерінің саудасына шектеу қойды.
Тұрғындарға бұдан былай қызанақ пен қияр, бұрыш пен пияз секілді өнімдер үш пакеттен артық берілмейді. Бұл шара елдегі тапшылықты тежеу мақсатында жасалып отыр. Сарапшылардың айтуынша, Былтыр жазғы аптап пен қысқы аяз салдарынан Британияның басты импорттаушылары саналатын Испания мен Мароккода көкөніс көп өскен жоқ. Электр бағасының қымбат болуына байланысты жергілікті жылыжай иелері де жеткілікті көлемде өнім жинамаған.