Қытайдың Ішкі Моңғолия ауданында апат болды
Қытайдың Ішкі Моңғолия автономды ауданындағы ашық көмір кенішінің бірінде апат болып, 4 адам қаза тапты.
6 жұмысшы жараланды. Тағы 49 кенші шахтаның шеті опырылып құлағанда үйінділер астында қалып қойған. Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған 500-ге жуық маман жұмылдырылған. Жергілікті билік апатқа қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болғанын айтады. Кенді игеруші компания бұған дейін де осындай әрекеттері үшін жауапқа тартылыпты.