Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирияға көмек көлемін көбейту керек деп санайды.
Зілзаладан қирап қалған өңірлерді қалыпқа келтіру үшін тағы 400 млн доллар қажет. Апат салдарынан баспанасыз қалған миллиондаған тұрғын азық-түлікке, ауызсуға зәру. Қазір аймақтарға күніне 40 - қа жуық көлікпен гуманитарлық көмек жеткізіледі. Бірақ мамандар оның өзі аз дейді. Себебі зардап шеккен елді мекендерде дәрі-дәрмек пен азық-түлік қат. Мамандар ауызсу тапшылығынан тырысқақ сияқты түрлі аурулар кең тарауы мүмкін деп қауіптенеді.
