Еурокомиссия TikTok-қа тыйым салды
Еурокомиссия қызметкерлерге корпоративтік телефондар мен гаджеттер арқылы TikTok желісін қолдануға тыйым салды.
Мұндай шара киберқауіпсіздік мақсатында қабылданған. Енді әр қызметкер наурыздың 15-іне дейін қосымшаны барлық құрылғыдан өшіруге тиіс. Өз кезегінде қытайлық компания өкілдері бұл шешімнің қате екенін мәлімдеді. Бұл әлеуметтік желіні АҚШ-тың федералды үкіметіне тиесілі құрылғыларда да қолдануға болмайды.