Боливияда денге безгегі ушығып барады
Боливияда денге безгегі ушығып барады. Санта-Крус аймағында жылжымалы ауруханалар жұмыс істеп тұр.
Уақытша шатырларда науқастарға көмек көрсетіліп жатыр. Қазір елде пандемия кезіндегідей жағдай қалыптасқан. Ауруханалар адамға лық толы. Дертке әсіресе балалар шалдыққан. Елде таяуда денге безгегі қайта дендеп, 30-ға жуық адам көз жұмды. Ауруды 8 мыңдай тұрғын жұқтырған. Боливияда ауру жаңбырлы маусымда қоза түседі. Инфекция адамға масалалардан жұғады екен.