Қытайда кеншілер әлі табылған жоқ

Апат кезінде үйінде астында қалған 47 жұмысшының әлі ешқайсы табылған жоқ.

Қытайдың Ішкі Моңғолия автономды ауданындағы көмір шахтасында іздестіру шаралары күні-түн жүріп жатыр. Құтқару жұмыстарына 1 мыңнан аса маман жұмылдырылған. Апат өткен сәрсенбі күні болған еді. Ашық шахтаның шеті опырылып, төменде жұмыс істеп жатқан кеншілерді басып қалған. 6 адам опат болып, 6 кенші жарақат алды. Басқасын, жаңа айттық, әлі табылмаған. Билік апат қауіпсіздік талаптары сақталмағандықтан болғанын мәлімдеді.