Түркиядағы Нурдагы қаласының мэрі қамауға алынды
Түркияда жер сілкінісінен ең көп қираған қала – Нурдагы шаһарының мэрі Оккеш Кавак қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Онымен бірге шаһарда үй салумен айналысқан компания басшысы Юнус Кай да тұтқындалған. Жалпы, Газиантеп аймағындағы баспаналардың бүлінуіне қатысты 80 адамды қамау туралы ордер берілген. Олардың 22-сі ұсталған. Бұған дейін жергілікті билік Нурдағы шаһары толық сүрілетіні жайлы хабарлаған еді.
Жалпы, жер сілкінісінен 600 мыңнан аса үй мен ғимарат қираған.