loader


Қытайда ғарышкерлерді іріктеу басталды

Қытай өзінің ғарыштағы станциясында бірлесіп жұмыс істеуді қалайтын шетелдік мамандарды таңдауға кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара ғарышты бейбіт мақсатта пайдалану және теңдік принциптерін негізге ала отырып жүзеге асырылады. Жобаға көптеген елдің өкілдері қатысуға ниет білдірген.

Естеріңізде болса, Қытай «Тьянгун» ғарыш станциясын салу туралы тұжырымдамасын 2010 жылы бекіткен еді. Ғылыми орталықтың алғашқы бөлігі орбитаға 2021 жылы көктем кезінде жеткізілді.

Сондай-ақ...