Италияда апаттан 60 мигрант ажал құшты
Италияның оңтүстігінде ағаш қайық жартасқа соғылып, 60 мигрант ажал құшты.
Бұл туралы "Ассоушейтид Пресс" агенттігі хабарлады. Құрбандар арасында 12 бала бар. Билік көз жұмғандар саны жүзге жетуі мүмкін деп қауіптенеді. 80 адам тірі қалған, оның 20-сы ауруханада. Із-түссіз жоғалып кеткендер де бар. Италия полициясы мигранттарды Түркия арқылы заңсыз жолмен жеткізді деген күдікпен 1 адамды қамауға алып, тағы 3-уіне іздеу жариялады.
Роберто Окчиуто, Калабрия аймағының губернаторы:
- Калабрия аймағы қара жамылды. Біз бұл қайғылы оқиғаға бей-жай қарай алмаймыз. Калабрия босқындарға ашық аймақ, былтыр біз 18 мың мигрантты құшақ жая қарсы алғанбыз.