Түркияда зілзала кезінде қираған ғимараттарды салған 188 мердігер қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жалпы, билік 600-ден астам күдіктінің тізімін жасаған. Қазір мұндай тергеу амалдары 11 провинцияда жүргізіліп жатыр. Сарапшылар көптеген ғимарат зілзала кезінде болатын қауіп-қатерді ескермей салынған деп есептейді.
