Жер сілкінісінен Түркияға $34 млрд шығын келген
Жойқын зілзаладан зардап шеккен Түркияда билікке қарсы наразылық күшейіп барады.
Стамбұлда ойын өткізген "Бешик-таш" футбол клубының жанкүйерлері "Үкімет кетсін!" деп ұрандатты. 3 апта бұрын болған жер сілкіністерінен 50 мыңнан астам адам көз жұмып, 1 жарым миллион тұрғын баспанасыз қалды. Сарапшылар қарсылықтың артуы елді 20 жылдан бері басқарып келе жатқан президент Режеп Тайып Ердоғанның билігі үшін үлкен сынақ болғалы тұр дейді. Өйткені мамырда парламенттік және президенттік сайлау өтуі тиіс.
Реджеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:
- Жерасты дүмпулердің жойқын әсері қолайсыз ауа райының ауырлығы және қираған инфрақұрылым, өкінішке орай, біздің еңбегімізді еш етті. Тиімді жұмыс істейміз деген ниетіміз ақталмай жатыр. Сіздерден кешірім сұраймын. Сондай-ақ арандатушылардың сөзіне құлақ аспауды өтінемін.
Зілзаладан $34 млрд шығын келді
Дүниежүзілік банк зілзаладан келген шығын 34 миллиард доллар деп отыр. Бұл түрік елінің 2021 жылғы жалпы ішкі өнімінің 4 пайызына тең. Сарапшылар бұл сомаға салынатын құрылыстың шығыны кірмейді дейді.