Кубадағы өрт сөндірілген жоқ

Кубада 2 апта бұрын басталған орман өрті әлі сөндірілген жоқ.

Лаулаған жалын 1 мың 700 гектар жерге таралған. Өрт ірі ұлттық парктің біріне қауіп төндіріп тұр. Апат аудандарынан жүздеген адам эвакуацияланды. Тілсіз жаумен ондаған бригада мен әскерилер күресіп жатыр. Мамандар жалынды сөндіруге жел кедергі болып тұрғанын айтады. Өткен айда Кубада 80-нен аса орман өрті болған.