Акционерлер Илон Маскты сотқа берді
Акционерлер "Тесла" компаниясын және оның бас директоры Илон Маскті сотқа берді.
Тағылған айып бойынша, кәсіпорын электрлі көліктердің автопилот жүйесінің қауіпсіздігіне қатысты жалған ақпаратты 4 жыл беріп келген екен. Осының кесірінен болған жол апаттарынан кісілер қаза болып, жарақат алған. Ұжымдық арыз жазғандар өтемақы талап етіп отыр. Бұған дейін АҚШ-тың Жол қозғалысының қауіпсіздігіне жауапты ұлттық басқармасы "Тесланы" 360 мыңнан астам электр көлігін кері қайтаруға мәжбүрлеген болатын.