Сомалиде миллиондаған адам көмекке зәру
Әсіресе Сомалиде жағдай өте ауыр.
5 жылға созылған қуаңшылықтың кесірінен өзен-көлдер тартылып, елде азық-түлік дағдарысы күшейген. Әртүрлі жұқпалы індет көптеп тіркеле бастаған. 1991 жылы басталған азамат соғысынан кейін, ел 6 мемлекетке бөлініп кетті. Қарулы қақтығыстар жиі болып тұрады. Халықаралық сарапшылар аймақтағы жағдай жазға таман тіпті нашарлауы мүмкін деп, әлем елдерін көмек көрсетуге шақырды.