Колумбиялық әуе компаниясы жұмысын тоқтатты

Колумбияда Viva Air әуе компаниясы аяқ астынан қызметін тоқтатып, мыңдаған жолаушы діттеген жеріне жете алмай, әбігерге түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған үкіметтің жолаушылар тасымалдаушы компаниялардың бір-бірімен қосылуына рұқсат бермей қоюы себеп. Салдарынан қаржылық қиындықтарды еңсере алмаған «Вива Эйр» өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Билік компанияның ұсынысын саладағы бәсекелестікке кері әсер етеді деп қолдамапты.

Гильермо Нобоа, жолаушы:

- Олар бізге әуе рейсі болмайтыны жайлы ескерткен жоқ. Ішкі бағыттағы жолаушылар рейстерін өзгертіп, діттеген жеріне жете алар. Бірақ біз сияқты өзге елдерге сапар шеккен жолаушыларға қиын соғып тұр. Өйткені қазір Перуге ұшатын өзге ұшақтар жоқ.