Аргентинада мыңдаған үй жарықсыз қалды

Аргентинаның миллиондаған тұрғыны жарықсыз қалды.

Электр энергиясының жаппай өшуіне аптап ыстық пен орманнан шыққан өрт себеп болған. Күн шектен тыс ысыған соң, халық ауа баптағыштарды қосып, электр қуатын көп тұтына бастаған. Ел астанасы Буэнос-Айресте 10 мың мегаватт беретін бекетті қайта іске қосу әрекеті сәтсіз аяқталды. Қаланың 2  теміржол станциясының жұмысы тоқтап, мыңдаған тұрғын жолынан қалды.