Жалпы дәрумен тапшылығы әлемде өте өзекті мәселе.
Әсіресе Африка мен Оңтүстік Азия елдерінде қырқұлақ деген ауру әлі күнге дейін кездесіп жүр. Цинга деп аталатын осы дертке C дәрумені жетіспегенде шалдығады. Мұндай кеселде адамның буындары әлсірейді. "Д" дәруменінің тапшылығы да дүние жүзі бойынша жиі кездеседі. Бірақ кейбір дамыған мемлекеттер сүт секілді адамдар жиі тұтынатын азық-түлікпен бұл дәруменді толықтырып алады. Жалпы кедей елдермен салыстырғанда, дамыған мемлекеттерде дәрумен тапшылығы сирек кездеседі.
