Еуропада су тапшылығы туындады
Еуропаның батысында су тапшы.
Өйткені екі жыл қатарынан аймақта жауын-шашын мен қар аз жауған. Соның салдарынан өзендер тартыла бастаған. Осыған байланысты Франция, Германия мен Италия елдері шұғыл түрде «су жоспарын» әзірлеуге кірісті. Оның мақсаты – тіршілік көзін тиімді пайдалану. Өз кезегінде құрғақшылыққа тап болған Испанияда суды пайдалануға шектеу енгізілмек. Бұл шара корольдіктің 244 қаласында қолданылады.