Боливияда денге безгегіне қарсы шаралар күшейтілді

Боливияда денге безгегіне қарсы шаралар күшейтілді

Боливияда денге безгегнің таралуына қарсы шаралар күшейтілді.

Індет өршіген аймақтарда ғимараттар мен көшелер жаппай зарарсыздандырылып жатыр. Кеселді таратушы масалардың  шоғырланатын жерлері тазартылуда. Ал ресми дерекке сүйенсек Болвияда, денге безгегін жыл басынан бері 11 мың адам жұқтырып, 33 науқас көз жұмған. Билік дертке шалдыққандар қарасы өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көбейгенін айтып, дабыл қағуда.

Адела Надо, дәрігер:

- Ауруханаларға денге безгегімен түскен адамдардың саны күн сайын артып келеді. Біздің аурухананың өзінде 70 науқас емделіп жатыр. Бірақ адамдардың бәрі бірдей дәрігерлерге қаралуға асықпайды. Осы себепті дертке шалдыққандардың қарасы бұдан 10 есе көп болуы да мүмкін.