Индонезияда мұнай қоймасынан өрт шықты

Индонезия астанасында орналасқан мұнай қоймасынан өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан 15 адам опат болды. 50-ге жуығы жарақат алды. Тағы 16 азамат із-түссіз жоғалғандар қатарында. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды. Аталған апат жақын маңда тұратын, тұрғындар арасында дүрбелең туғызды. Жұрт жаппай қауіпсіз жерге көше бастады..