Түркияда тағы да жер сілкінді. Бұл жолы табиғат апаты Адыяман провинциясындағы Челикхан ауданында тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, зілзаланың қуаты 4,4 балл, тереңдігі 7 шақырымда болған. Әзірге жерасты дүмпуінен зардап шеккендер жайлы ақпар жоқ. Бүлінген ғимараттардың бар-жоғы да белгісіз.
Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,7 балға тең, жойқын жер сілкінісі болған еді. Соның салдарынан 40 мыңнан астам адам қаза тапты. Жүздеген ғимарат үйіндіге айналды.
