Мьянма әскерилері адам құқықтары саласында мәңгі дағдарыс туғызды
Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасында айтылады.
Естеріңізде болса, осыдан 2 жыл бұрын аталған елде әскери төңкеріс болған еді. Содан бері зорлық-зомбылық пен қанды қырғын тоқтамай келеді. БҰҰ есебінше, бүгінге дейін 3 мың адам көз жұмған. Басым бөлігі қамауда қайтыс болған. Бұдан бөлек, 17 мың азамат түрмеге қамалған.